Жетісуда бұрын-соңды мерейтойы өтпеген Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы тойланған

03.09.2023, 15:19
7157
Жетісуда бұрын-соңды мерейтойы өтпеген Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы тойланған gov.kz

Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы Жетісу облысы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылында аталып өтілді.. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Мерейтойды ұйымдастырған Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры осы күні аудан тұрғындарына жаңадан тұрғызылған 50 орындық дәрігерлік амбулатория мен мал шаруашылығының заманауи кешенін сыйға тартқан. Оған қоса:

- Мал шаруашылығы кешені салынып, оған 500 бас қазақтың ақбас сиыры әкелініп, қазір кешен іске қосылды. Ендігі кезекте шоколад цехын ашу қолға алынады. Той алдында ауданға арнайы ипподром салдық. Оған қоса бүгінгі мерейтойлық шаралардың барлығын Қор өз қаржысына өткізіп отыр. Мен қордың демеушілеріне, жазушының шығармашылығын ардақ тұтатын, әдебиетті құрметтейтін барлық азаматтарға алғыс айтамын, - дейді Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының қорғаншылық кеңесінің төрайымы В.Спиридонова.

Көпшілік қауымның алдында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев. Тұлға. Қаламгер. Ардагер. Әке» атты кітаптың тұсауы кесіліп, бұл салтанатты рәсімді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов атқарған.

Сондай-ақ публицистика, проза жазудан өткен «Кемел қаламгер» байқауының қорытындылары жария етіліп, оза шыққандар сый-сияпатқа ие болған.

Осы күні қараталдықтарға Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаевадан бастап елімізге танымал көптеген эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен. Жалпы мерейтойлық шара үшін 60-тан астам киіз үй тігіліп, 45-50 мыңдай адам тамашалаған. 

Мерейтой аясында қазақша күрестен Әлем кубогы өткізіліп, онда Грузия, Молдова, Италия, Индия, Иран, Сербия, Индонезия, Филиппин, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты 20 елден келген 150-дей палуан өзара белдесіп, күш сынасты. Түс ауа ипподромда құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс және аламан бәйге өтіп, бас жүлдеге бірнеше жеңіл автокөлік тігілген.

Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының мәліметінше, Қордың атқарып отырған жұмыстарының бәрі өңір тұрғындарының білімін шыңдауға, денсаулығын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінге дейін жазушы атын иеленген Үштөбедегі мектептің 60-тан астам оқушысы Қордың грантының қолдауымен жоғары оқу орындарында білім алды. Қазірдің өзінде 15 адам осындай грантпен еліміздің ЖОО-ларында оқиды. Үздік білімгерлер ай сайын стипендия алады. ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздарға да қордан ақшалай сыйақы беріледі.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды