Қазақстан Қытайға экспортты арттыруға дайын — Әлихан Смайылов

04.09.2023, 14:54
845
Қазақстан Қытайға экспортты арттыруға дайын — Әлихан Смайылов primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Қытайдың Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У сауда-экономика және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы тауар айналымы көлемінің 6% астамы Шаньдунға тиесілі екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан өз өнімдерін Қытай нарығына одан әрі ілгерілетуге және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қарастыруға мүдделі. Осыны ескере отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде көлік әлеуетін дамыту және өзара іс-қимылды тереңдету ерекше өзекті.

Бір күн бұрын Алматыда Қазақстан арпасын ҚХР-ға жеткізу үшін «Қытай–Еуропа» бағыты бойынша алғашқы кері бағыттағы пойыздың іске қосылуы осыған ықпал ететін болады. Біз осы бағыт арқылы Қазақстан өнімдерін жеткізуді арттыруға және жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.
photo

Сондай-ақ Премьер-Министр Астанада Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шара біздің іскер топтарымыз арасындағы өнімді сауда-инвестициялық өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге мүмкіндік беретіні сөзсіз, — деді ол.

Өз кезегінде Лин У Шаньдун провинциясы мен Қазақстан өңірлері арасында өнімді ынтымақтастық орнағанын атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сауда және логистикалық инфрақұрылым құрылысы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту бойынша үлкен әлеует бар.

Бұл жолы бізбен бірге Шаньдун провинциясынан аталған салалардағы 100-ден астам кәсіпорынның өкілдері келді. Біз бірқатар бірлескен сауда-экономикалық жобаларға қол қоямыз деп отырмыз. Ортақ күш-жігердің арқасында болашақтағы ынтымақтастығымыз кеңейетініне сенімдіміз. Біз кәсіпорындарымыз арасындағы серіктестікті тереңдетіп, бірлескен жобаларды көбірек жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Лин У.
photo

Шаньдун провинциясы Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан ауылшаруашылық өндірісі бойынша маңызды аймақ. Мұнда бидай, мақта, жержаңғақ, темекі, дәнді дақылдар және т.б. өсіріледі. Шаньдун – елдің негізгі бау-бақша және егістік аймақтарының бірі, су өнімдері мен тұт піллесін өсірудің жетекші орталықтары.

2022 жылғы желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР-дың ірі порт операторы «Шаньдун порт тобы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде мультимодальды контейнерлік қызметтер мен ілеспе цифрлық өнімдерді дамыту жөнінде уағдаласты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды