705

Ұлытау облысында қаскөй браконьер ұсталды

Облыста аңдарды атып жүргендер ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ұлытау облысында қаскөй браконьер ұсталды
gov.kz

2023 жылдың 5 тамыз күні шамамен 21 сағ. "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және табиғат қорғау полициясы инспекторларының бірлескен рейдтік іс-шарасы жарияланған. 

Операция барысында Жаңаарқа ауданының Жәйрем кентінен 1998 жылы туған ер адам ұсталды, ол мотокөлігімен киіктің 3 ұшасын тасымалдаған. Тоқтатқан уақытта, күдікті жасырынуға тырысқан.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.