Маңғыстауда татуластыру орталығы ашылды
Отбасыларды татуластыру орталығы ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «отбасын қолдау кабинеті» мен «татуласу кабинеті» ашылды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлаған.
Кабинет балаларға арналған кітаптармен, ойыншықтармен, тұрмыстық техника және жиһаздармен жабдықталған. Мұнда психологтардың балалармен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.