Биыл елімізде 4,7 млн га астық жиналды

06.09.2023, 17:13
924
Биыл елімізде 4,7 млн га астық жиналды ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда елімізде 4,7 млн га астық жиналды, орташа өнімділігі 10 ц / га болғанда 4,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, еліміздің оңтүстік өңірлері астық жинауды аяқтауда, атап айтқанда Шымкентте егін толығымен жиналған. Жамбыл облысында - 98,3%, Түркістан облысында 86% астық жиналған.

Басқа да дақылдарды жинау жалғасуда: өнімділігі 7 ц/га құрайтын 58,7 мың тонна майлы дақылдар бастырылды, 728,4 мың тонна картоп, 1,9 млн тонна көкөніс және 2,7 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

 Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 38,6 мың комбайн, 13,5 мың орақ және 140,3 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.

Егін жинау науқанына арналған 426 мың тонна жеңілдікті дизель отынының 207 мың тоннасы (49%) төленіп, 185 мың тоннасы (43%) жөнелтілді.

Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады. Қаражат толығымен игерілді.

Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясы арқылы 21,2 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға, көктемгі егіс жұмыстарын іске асыру және кейіннен қаржыландыру үшін 528 мың тонна көлемінде тауарлық кредиттеуге тағы 60 млрд теңге бағытталды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды