Қазақстанда енді өгей әкесімен тұратын балалардың отбасылары тексеріледі

07.09.2023, 13:37
682
Қазақстанда енді өгей әкесімен тұратын балалардың отбасылары тексеріледі Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бүгін Бас прокурордың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктер басшылары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Кеңесте балалар жарақаттануының себептері, кәмелетке толмағандар арасындағы балалар суицидінің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс талқыланды. Сондай-ақ балалардың құқығын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды пайдаланудың жаңа тәсілдері қарастырылды.

Бас прокуратура құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында қолайсыз отбасыларға, көп балалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға іс жүзінде бару қамтамасыз етіледі.

Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сынала бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың 80-нен астам дерекқоры біріктірілген «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктері ұсынылды.

Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетуді қамтитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстарды келтірді. Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайтын болады.

Іс-шара соңында Бас прокурор Берік Асылов пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева меморандумға қол қойды.

Тараптар өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды