Kaspi банк қызметкері шабуыл оқиғасын бастан-аяқ айтып берді

07.09.2023, 17:37
485
Kaspi банк қызметкері шабуыл оқиғасын бастан-аяқ айтып берді imddsnip.ru

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Kaspi Bank ғимаратына жасалған шабуыл ісін қарауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жұмыс күні еді, бірақ клиенттер болған жоқ. Әріптесіммен жұмыс туралы сөйлесіп отырдық. Бір кезде Ә. Мурадов келді. Мен оны клиент деп ойлап, амандастым. Ол бірден әріптесімді ұстап, мойнына тапанша тәрізді қаруды тақады. Бірақ ол рас тапанша ма, білмедім. Содан кейін ол дөрекілік танытып, барлық есікті жауып тастады және бізді өлтіретінін айтты, яғни маған барлық есікті кілтпен жабуымды бұйырды. Мен не істерімді білмей, бір орында тұрып қалдым. Сосын мен күзетшіге қарай жүгірдім, көмек сұрап, белгісіз біреудің келгенін айттым. Кейін күзетші сыртқа шығып, қайта кірмеді. Сосын мен киім ілетін жердің кілтін табуға тырыстым, бірақ таба алмадым. Одан соң менеджер әріптесім екеуміз тыныш отырдық», - деді сот барысында банк қызметкері әрі зардап шегуші.

Оның айтуынша, осы арада олар полицияға хабарласып үлгерген.

«Бір кезде шабуылдаушы бізге айқайлай бастады, не істеп жатқанымызды сұрады. Содан соң ол маған делдал болатынымды айтып, қағазға бүкіл талаптарын жазуды сұрады. Атап айтқанда, күзетшінің қайтып оралуын және банктің ақшасын аударуды талап етті. Оның талаптарын қағазға жазып, шыға беріс есіктің жанына қалдырдым. Одан әрі полиция қызметкерлері алып кетті. Сосын әріптесім екеуміз кассаның артында 2-3 сағат тығылып отырдық. Біраздан соң ол бәрін жарып жіберетінін айтып айқайлады және ғимаратқа ешкімнің кірмеуін талап етті. «Мен қызметкерлерді аяймын, ешкімге зиян тигізгім келмейді, бірақ солай болуы керек» деді», - деп толықтырды зардап шегуші.

Сондай-ақ, оқиға куәгері бір сағаттан кейін күдіктінің келіссөздер бөлмесіне кіргенін айтты.

«Сол сәтте мен ата-анама хабарлама жібере бастадым. Касса жабық болды, мен ештеңе естімедім. 3 сағат келіссөзден кейін арнайы күштер мен полицейлер кетіп қалды. Содан соң бір нәрсе жарылды, арнайы күш мамандары тез кетуімізді сұрады. Осылайша бізді сыртқа алып шықты, еденде қан іздері болды», - дейді банк қызметкері.

Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды