Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, компания қызметкері жарықтандыру бағандарының қатары азайып қалғанын байқап, полицияға арызданған. Қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленді.
"Біздің ауданымызда 20-дан астам осындай эпизод жасалғаны белгілі болды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасап жүрген. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағандарды тәркіледік",- деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ тәркіленді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.