Көкшетау мектебінде оқушылар кептелісі туындап, басшылығы тәртіптік жазаға тартылды

08.09.2023, 13:02
704
Көкшетау мектебінде оқушылар кептелісі туындап, басшылығы тәртіптік жазаға тартылды qumash_kz

Көкшетау қалалық №1 мектеп-гимназиясының дәлізінде оқушылар топырлап, қысылысып қалды. Осы оқиғаға байланысты мектеп басшылығы тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясындағы жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде желдей есті. Оқушылар оқу орнының дәлізінде қысылысып қалған. Қысымнан кейбір балалар еденге құлаған. Осы мәселе бойынша Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі жауап берді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық №1 мектеп-гимназиясында екі ауысымда 2 866 бала оқиды. Білім беру ұйымы үш ауысымның қатарына жатпайды. Сабақтар штаттық режимде өтіп жатыр.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған роликтен кейін Ақмола облысының білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Бұл дерек сабақтар аяқталғаннан кейін, мектеп дәлізіне барлық сынып оқушылары оқу кабинеттерінен бір уақытта шыққан кезде туындағаны анықталды.

Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесін реттеді. Қажетті шараларды уақтылы қабылдамаған мектеп басшылығы тәртіптік жазаға тартылды», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды