Қазпоштаның 4 мың қызметкері 20 мың теңге жалақыға күн көріп отыр

08.09.2023, 15:53
608
Қазпоштаның 4 мың қызметкері 20 мың теңге жалақыға күн көріп отыр tobolinfo.kz

Өткен жылы ұлттық пошта операторы ауылдық бөлімшелерін күтіп ұстағаны үшін 15,4 млрд теңге шығынға батты. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазпошта басшысының атап өтуінше, елімізде газет-журналдар және хат-хабар жеткізу қызметі жыл сайын орташа есеппен 17 пайызға қысқарып келеді. Өйткені, басылымдардың көпшілігі онлайнға ауысып жатыр.

«Дегенмен, егер не бәрі бір газет жеткізу қажет болса да көлік жібереміз», - деді Әсел Жанасова.

Оның мәліметінше, Қазпоштаның 4 мың қызметкері 0,2 ставкамен жұмыс істеп, 20 мың теңге ғана жалақы алып жүр.

«Ең төменгі жалақы 96 мың дейсіздер. Ал адам 0,2 ставкаға, жұмыс істеп 20 мың теңге алады екен. Бұл оның жалғыз жұмысы, ауылда басқа жұмыс жоқ. Меніңше, сіздерде 0,2 ставкаға өте көп адам жұмыс істесе, онда басқа қандай да бір технология енгізу қажет. Мұны ойластырған жөн», - деді осы орайда «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев.

Ал Әсел Жанасова бүгінде аталған қызметкерлерге қосымша қызметтер жүктеп, жалақысын көтеру мәселесі пысықталып жатқанын айтады.

Айта кетейік, 2024 жылыдң 1 қаңтарынан елімізде ең төменгі жалақы 85 мыңге дейін арттырылады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады