"Көшедегі уағызшыларды тыңдағаннан туған қателік": Нұрлан имам домбыраны харам деген қызға жауап берді

08.09.2023, 16:59
692
"Көшедегі уағызшыларды тыңдағаннан туған қателік": Нұрлан имам домбыраны харам деген қызға жауап берді nurlanimam.kz

Белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы ұлттық аспап домбыраны харамға теңеген қызға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалпы, қазір сондай болып кетті. Кейбір адамдарымыз шектен шығып, дінді теріс түсініп, өзінің ойына салып түсініп, салтымызды, санамызды, талай ғасырдан бері келе жатқан құндылықтарды аяққа таптап, домбыраны арам деп, оған тіл тигізіп жүр. Кезінде Абайды адасқан, Шәкәрімді шатасқан деп те айтты. Содан өттік пе дегенде, шетелдің, басқа да мемлекеттердің көшеде жүрген уағызшыларын тыңдағаннан туған үлкен қателік бұл”, – дейді Нұрлан имам.

Дінтанушы ұлтты, салт-дәстүрді сақтап қалу жастардың басты міндеті екенін айтты.

“Біз осымен ел болып, халық болып, күресуіміз керек. Жастар болып күресуіміз керек. Халқымыздың салт-дәстүрін сақтап қалуымыз керек. Домбыра, қырғыздың қомызы - бұл ұлттық аспаптарымыз. Керек десеңіз, діннің насихатталып, имандылықтың таралуына, сабырдың орын алуына, ата-ананы құрметтеуге алып келген бұл аспаптар. Себебі ата-бабаларымыз мұны жырмен, термемен жеткізген. Дәрежесі - ұлық. Сондықтан "нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра", – деді Нұрлан Байжігітұлы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады