Маңғыстауда Мұнайлы ауданының әкіміне 27500 теңге айыппұл салынған

09.09.2023, 14:13
643
Маңғыстауда Мұнайлы ауданының әкіміне 27500 теңге айыппұл салынған gov.kz

Маңғыстаудағы аудан әкіміне айыппұл салынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшілік істі қарау кезінде аудан әкімдігінің бұзушылық жасауына байланысты жеке ұйғарым шығарған. Тиісті шаралар қабылдау үшін Мұнайлы ауданының әкіміне жолданды.

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 270-бабына сәйкес, жеке ұйғарым жіберілген адам өзі қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзімде сотқа хабарлауға міндетті.

 Қабылданған шаралар туралы хабарламау жеке ұйғарымға жолданған адамдардың әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады.

"Заңда белгіленген мерзімде әкім тиісті шаралар қабылдаған жоқ, осыған байланысты сот приставы әкімшілік хаттама жасап, Мұнайлы аудандық сотына қарау үшін жіберді. Соттың қаулысымен Мұнайлы ауданының әкімі ҚР ӘҚБтК - нің 664-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (жеке ұйғарым, сот қаулысы, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау)," - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Аудан әкіміне сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды