577

Астаналық полицейлер есірткі сатып, қару қолданған қала тұрғындарын қамауға алды

Есірткімен күрес күшейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астаналық полицейлер есірткі сатып, қару қолданған қала тұрғындарын қамауға алды
polisia.kz

“Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері елордадағы дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықтады. 

Сараптамаға сәйкес, тапанша  газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді. 

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.