Тараз соты қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін полицейлерге үкім шығарды

10.09.2023, 19:13
744
Тараз соты қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін полицейлерге үкім шығарды polisia.kz

Тараз қаласының №2 сотында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкеп соққан, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану мен қызметтегі әрекетсіздік (ҚК 362-б.  4-б., 370-б.  4-б. 1-т.) бойынша айыпталған 5 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінің дерегінше, 2022 жылдың қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні Тараз қаласының полиция басқармасы мен Жамбыл облысының полиция департаментіне жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылармен шабуыл жасалған. Бұл ретте Ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігінен арттехқұрылғылар (тапаншалар, оқ-дәрілер, арнайы құралдар және т.б.) мүлкі ұрланып, жоғалған. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Сот іс материалдарын зерделеп, Ш., Қ. З., О.-ның кінәлері жәбірленушілер мен куәлердің айғақтарымен, түрлі сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген деп анықтады.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын таныды.
Ауырлататын мән-жай ретінде қабылдаған антты бұзған адаммен төтенше жағдай және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауларын таныды.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, Ш., Қ., З.-ға (ҚК 370-б. 4-б. 1-т. бойынша) 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салына отырып тағайындалды.

Айыптау тарапымен З.-ның іс-әрекеттері екі бап бойынша қате саралануына байланысты, қате берілген ҚК-нің 362-б. 4-б. (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) алынып тасталды.

О.-ның іс-әрекетінде ҚК 370-б. 4-б. 1-т. (Қызметтегi әрекетсiздiк) көзделген белгілер болмауына байланысты, сотпен оның іс-әрекеті ҚК-нің 371-б. 1-б. (Салғырттық) бойынша қайта сараланып, ол бойынша оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  02.11.2022 жылғы "Рақымшылық туралы" заңын қолданумен О. тағайындалған жазадан босатылды.

Т.-ның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды, - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды