Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Осакаров ауылында тірек мектептің таныстырылымын өткізді

11.09.2023, 18:16
871
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Осакаров ауылында тірек мектептің таныстырылымын өткізді

11 қыркүйек Қарағанды ​​облысы Осакаров ауылында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектептің таныстырылымы өтті. «Қазақстан халқына» қоры, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірлескен жобасы 2023 жылы еліміздің барлық өңірінде 63 мектепті қамтуды жоспарлап отыр.

1932 жылы іргетасы қаланған Осакаров ауылындағы бұл тірек мектеп 2015 жылы үш қабатты жаңа ғимаратқа көшті. Жалпы сыйымдылығы 600 адамға арналған мектепте қазір 769 оқушы білім алып, 86 мұғалім жұмыс істейді. 

Жоба аясында мектепке жаңа жиһаз бен техникалар алынды. Атап айтқанда, робототехника, психолог, дефектолог, мектепке дейінгі дайындық, шахмат кабинеттері, тігін мен тамақтану мәдениеті шеберханасы, телестудия, STEM зертханасы, АRT-студиясы, FabLab, кітапхана, спорт жабдықтарымен бірге барлығы 36 бөлме жаңартылды. «Қазақстан халқына» қоры мектепті жабдықтауға 250 млн.теңге қаражат бөлді.

«Ауылдағы білім беруді қолдау туралы айтылғанда ең алдымен тірек мектептерді көтеруді ойлау керек. Былтыр Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, 17 өңірде 17 ауылдық тірек мектеп құрдық. НЗМ стандарты бойынша материалдық-техникалық базаны толығымен жаңарттық. Сондай-ақ мектепке талдау жүргізіп, мұғалімдер мен оқу орны әкімшілігінің біліктілігін арттырдық. Серіктестеріміз үш жыл бойы әдістемелік қолдау көрсетеді. Осылайша оқу үдерісіне деген көзқарасты өзгертіп, жаңа білім беру технологияларын енгіздік. Қазір біз 17 облыста тағы 63 тірек мектепті жаңарту жұмыстарын жалғастырудамыз», – деді «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев.

Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептері арнайы оқыту бағдарламаларын тегін жүргізбек. Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының барлық шығындарын AITAS холдингі өтейді.

Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында педагогикалық ұжым мен мектеп басшылығының біліктілігін арттыру бағдарламасы іске қосылды. Мұғалімдер 5–6 ай бойы оқытудың заманауи әдістері бойынша арнайы курстардан өтеді.

Осакаровтағы мектеп – биыл таныстырылымы өткен 63 мектептің үшіншісі. Осындай қуанышты жаңалықты бөлісуге келген қонақтарға алғысын білдірген Aitas Foundation директоры Ксения Верба «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының маңызына тоқталып өтті.

«Жоба білім сапасын арттыруға, озық педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелерді енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған. О баста «Powered by NIS» жобасы Шығыс Қазақстан мен Ақмола облысындағы бірнеше тірек мектепті дамытудан басталып еді. Ал бүгінде оған екі жылда ел бойынша 80 ауыл мектебі қосылды. Енді мыңдаған оқушы мен мұғалімдер жаңа мектеп жабдықтарымен, ортақ әдістемемен қамтылады. Ауыл немесе қала тұрғыны болсын, әрбір бала тұлғалық және кәсіби даму жолында сапалы білім алуға лайық. Солайша ол болашақта еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосады», – деді Ксения Верба мектеп ұжымына сәттілік тілеп. Қор директорының айтуынша, жоба серіктестері еліміздегі тірек мектептер желісін құру стратегиясын әлі жалғастырады.

Шара кезінде Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев жиналған көпшілікке құттықтау сөзін арнап, Алаш қайраткері Ә.Бөкейхан атындағы мектептің тек үздіктердің қатарында болатынына сенім білдірді.

 «Бүгін бұл мектептің де, жалпы ауданның да жаңа тарауы басталды. Білім – табысты болашақ кепілі. Сондықтан да біздің тірек мектебіміз бүкіл өңірге сапалы білім берудің үлгісі болады деп сенеміз. Қолдауларыңыз бен серіктестік үшін алғысымды айтамын», – деді облыс әкімі.

Еске салсақ, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоры, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесіп жүзеге асып отыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады