793

Шымкентте ер адамның мәйіті битум құйылған бөшкеден табылды

Шымкентте ер адам бөшкедегі битумға батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкентте ер адамның мәйіті битум құйылған бөшкеден табылды
stan.kz

Полиция департаментінің мәліметінше қайғылы оқиға 11 тамызда таңғы 08:56 шамасында "ОЛАКС" ЖШС аумағында ер адамның битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы ақпарат түскен. 

Құтқару бөлмінің қызметкерлері жедел оқиға орнына жетіпті. Тыныс алу аппараты мен альпинистік жіптерді пайдаланып ер адамды алып шыққанымен, оны құтқару мүмкін болмаған. 

"Мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері мәйітті жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырды", – делінген хабарламада.