883

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз ауруханада жан тапсырды

Қостанай облысы Ұзынкөл кентінде көбік кешінде тоқ соққан 9 жасар қыз ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз ауруханада жан тапсырды
Видеодан алынған кадр

«Қыздың қайтыс болғаны рас. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз, ауруханада мәліметтер жиналып жатыр», - деп болған жайды басқарма маманы телефонмен растады.

Еске салайық, Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды тоқ соққан еді. 

«25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды тоқ соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.