750

Алматы облысындағы мектеп оқушысының өзіне қол салу әрекеті: прокурорлар кінәлілерді атады

Алматы облысының прокурорлары 4-сынып оқушысының өз-өзіне қол салуға әрекеттенуіне әкеп соқтырған мәселеге байланысты кінәлілерді жазалау туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы облысындағы мектеп оқушысының өзіне қол салу әрекеті: прокурорлар кінәлілерді атады
canva.com

«11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданының прокуратурасы облыстық білім басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологқа тиімді шара қолдануды, сондай-ақ материалды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық комиссияның қарауына беру туралы айтты», - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аудан прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің мәжіліс залында дәрістер өткізуді жоспарлап отыр.