Түкіргені үшін елордалықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды

12.09.2023, 16:22
480
Түкіргені үшін елордалықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды canva.com

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда түкірген астаналықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлім етті.

«Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді», - деді Арман Айтмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Спикердің айтуынша, түкіру фактілері елордадағы базарлардың маңайында жиі тіркеледі. Арман Айтмағамбетов олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының аумағында 14 мыңнан астам камера бар. Алдағы уақытта олардың санын ұлғайту жоспарланып отыр.

«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО)