Шымкенттік азамат қызғаныштан бұрынғы сүйіктісінің күйеуін ұрып өлтірді

13.09.2023, 16:11
873
Шымкенттік азамат қызғаныштан бұрынғы сүйіктісінің күйеуін ұрып өлтірді canva.com

Шымкентте адам өліміне күдікті азамат «ізін суытпай» қолға түсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында полицияның «102» арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы хабарлама келді. Шақырту түскен мекенжайға Тұран ауданының полицейлері мен жедел жәрдем барды.

Медицина қызметкерлері 35 жастағы азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Жедел тергеу тобы жәбірленушіні оның бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісі қызғаныш үстінде ұрып-соққанын анықтады.

Қарсыласының есінен танып қалғанын байқаған қаскүнем дереу оқиға орнынан қашып кеткен. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеуге кірісті. Жедел уәкіл Арман Арипжанов қылмыскерлерді іздестіру бойынша өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, қашып кеткен адам бірінші кезекте жеке заттары мен құжаттарын алу үшін үйіне барады деп болжады.

Күдіктінің Түркістан облысы Ленгер қаласының тұрғыны екендігін және оның автокөлігінің жоқтығын білген жедел уәкіл бірден такси жүргізушілерінің тұрағына барды. Жүргізушілердің бірі іздеудегі ер адамға ұқсас тұлға жаңа ғана Alphard-қа мініп кеткенін хабарлады. Полиция қызметкері дереу оның ізіне түсіп, көлікті Тоғыс елді-мекенінде тоқтатып, ер адамды ұстады.

Ұсталған адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Аайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді