Шымкентте көлік ұрлаған жігіт полицейлер қолына түсіп қалды

15.09.2023, 10:51
676
Шымкентте көлік ұрлаған жігіт полицейлер қолына түсіп қалды otyrar.kz

Түркістаннан көлік ұрлап, Шымкентке келген жас жігітті тәртіп сақшылары ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қала аумағында түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полицияның №883 автоэкипажы Т.Айбергенов көшесінің бойында Lada 21114 көлігін тоқтатқан. Жүргізуші маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспаған.

Полицейлер жас жігіттің жеке құжаттарын тексеру барысында оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. 20 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығынсыз адамның басқаруы» бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар көрші аймақтағы тәртіп сақшылары жіберген бағыттамаға сәйкес көліктің Түркістан облысындағы үйдің ауласынан жарты тәуліктен аз уақыт бұрын ұрланғаны белгілі болған.

Оқиға орнына Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жетіп, көлік тәркіленді. Ал оның жүргізушісі полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда көлік заңды иесіне қайтару үшін Түркістан облысының тәртіп сақшыларына берілді.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)