888

Түркістан облысының мұғалімдері Kundelik.kz толтыру үшін ноутбук арқалап, тау жағалап жүр

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Аққұм ауылының мұғалімдері Kundelik.kz электронды журналын толтыру үшін далада отыруға мәжбүр. Өйткені, ауылда байланыс нашар. Бұл туралы smartnews.kz сайты otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының мұғалімдері Kundelik.kz толтыру үшін ноутбук арқалап, тау жағалап жүр
otyrar.kz

Мектепке айына 10 Гб интернет беріледі. Мұғалімдердің айтуынша, бұл ары кетсе 3 күнге ғана жетеді. Сол себепті олар тіпті таксиге шығындалып, интернет іздеп, көрші ауылдарды аралайды.

Жағдайдан билік басындағылар да хабардар болып шықты. Ауылға спутник станциясы орнатылған. Алайда одан ақаулар шығып, мәселе шешілмеді. Байланысты жақсарту үшін ауылға 45 метрлік мұнара орнату қажет. Тұрғындарға жобаға демеушіні де өздері тауып қойған. Бірақ жергілікті әлі күнге дейін билік ұялы байланыс операторымен келісімге келе алмай отыр.

Материал авторы