493

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды
canva.com
«Аталған дерек Іле аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген», - деп атап өтті Б. Әленов.