"Етегінің астынан ұстаған": Семейде қоғамдық көлікте белгісіз ер адам студент қызға азғындық жасады

17.09.2023, 13:15
438
"Етегінің астынан ұстаған": Семейде қоғамдық көлікте белгісіз ер адам студент қызға азғындық жасады Видеодан алынған кадр

Семейде қоғамдық көлікте орта жастағы белгісіз ер адам студент қызға ағындық жасап, етегінің астынан ұстаған. Бойжеткен кейін бұл адам ештеңе болмағандай кейіп танытқанын айтып, желіге видео жариялады. Бұл туралы smartnews.kz сайты “Мой Семей” Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі жазбаларда №29 автобуста колледж студентін ер адам етегінің астынан ұстап, жәбірлегені жазылған. Кейін қыз айғайлап, тоқтатуын өтінген кезде ер адам ештеңе істемегендей кейіп танытқан.

Кейін бойжеткен ер адамды видеоға түсірген кезде оның қолындағы телефонды автобустың еденіне соғып, қорғаныш әйнегі мен телефонның қабын сындырған.

Тіпті кейін қызбен бірге бір аялдамадан түсіп, бір бағытқа қарай бет алған. Бойжеткеннің айтуынша, мұны байқаған автобустағы жігіт оны үйіне дейін жеткізіп салған.

"Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында облыс орталығының тұрғыны автобуста өзін қорлаған ер адамның азғындық жасағаны айтылған. Абай ауданының полицейлері дереу жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол ұсталып, Семей қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің "Қоғамдық орындардағы алаяқтық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция хабарламасында.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды