БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты

18.09.2023, 15:16
504
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 6 адам бір отбасының мүшелері болған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншиннің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиғадан көз жұмғандар – ерлі-зайыптылар мен олардың төрт баласы.

Оның сөзіне қарағанда, оқиғаға жүргізушінің жол ережесін сақтамауы себеп болған. Атап айтқанда, «Lada Priora» жеңіл көлігі қарсы бетке шығып кеткен.

«Анықталғандай, жеңіл көліктің тежегішін басқан ізі қалмаған. Бұл жерде жүргізуші ұйықтап кеткен, әлде сөйлесіп, бір нәрсеге алаңдаған ба, әйтеуір байқамай, жүк көлігімен түйіскен. Бұдан екі жыл бұрын Орал қаласында Зачаган кентінде айналма жолда екі автокөлік соқтығысып, 8 адам көз жұмған еді. Онда да бір отбасы мүшелері қайтқан болатын. Жол ережесін сақтау керектігін жүргізушілердің есіне саламыз. Олар автокөліктегі жолаушылардың өмірі үшін де жауапты екендігін ұмытпауы керек. Орны толмас қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың тума-туыстарына көңіл айтамыз», деді Ж.Жаншин.

БҚО полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері облыста 270 жол-көлік оқиғасы (өткен жылы осы мерзімде – 213) болып, соның салдарынан 59 адам (68) мерт болып, 344-і (262) түрлі жарақат алған.  

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды