Алматыда 16 мыңға жуық қазақстандық алимент төлемей жүр

18.09.2023, 16:02
462
Алматыда 16 мыңға жуық қазақстандық алимент төлемей жүр canva.com

Алматыда 16 мыңға жуық адам алимент төлемей жүр. Бұл туралы қалалық әділет департаментінің өкілдері айтты, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Олардың айтуынша, бүгінде Алматы қаласының сот орындаушылары алимент өндіріп алу туралы 16 мыңнан аса атқарушылық істі қарауға алған. Оның 60%-дан астамы бойынша өндіріп алу процесі жүргізіліп жатыр.

Сот шешімдерін, оның ішінде алимент бойынша шешімдерді орындау көптеген қиындық турады. Мысалы, борышкердің қолма-қол ақшасының болмауы, тұрғылықты жерін көрсетпеуі, тұрақты жұмыс орнының, өндіріп алуға болатын мүліктің болмауы және тағы басқа, - деді қалалық әділет департаменті атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысы Әнуар Жексеков.

2023 жылы алимент бойынша борышкерлер үшін 4 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Онда 320 жұмыс орнына вакансия ұсынылып, жәрмеңкеге 15-тен аса ірі компания шақырылды.

Биыл департамент жалпы 78 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. 5 тәулікке дейін 81 әкімшілік қамау жазасы қолданылды. Алимент бойынша 4 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тағы 4 ұсыныс органдарда қаралып жатыр.

Жалпы борышкерлер 50 млн теңгеден аса берешегін төледі. Осылайша, департамент сот актілерін орындау жөніндегі міндеттерді орындады. Биыл сот орындаушылары берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлікті, 7 жылжымалы мүлікті сатты. Нәтижесінде 20 млн теңгеден аса берешек өтелді, - деді бөлім басшысы.

Алимент бойынша әрекетсіздігі үшін 8 жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру ұсынысы жіберілді. Осылайша, 4 сот орындаушысы лицензиядан айырылды, төртеуінің ісі сот қарауында.

Биыл 27-ден аса отбасы қайта қосылып, алимент төлеу мәселесі шешілген әрі медиаторлар арқылы 116 бітімгершілік келісім жасалған.

«Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен