757

Ақтөбеде ломбардқа жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Ақтөбеде ер адамның ломбардтан ірі көлемдегі ақшаны алып қашқан сәті түсірілген видео пайда болды.

Ақтөбеде ломбардқа жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр

Медициналық бетперде мен күннен қорғайтын көзілдірік киген азамат ғимаратқа баса-көктеп кірген. Кадрлардан оның қолында тапаншаға ұқсайтын зат болғанын көруге болады. Ер адам кассадан ақша алып жатқанда, ломбардтағы әйел қорқып, оған қарсылық көрсетпеген.

Қазіргі таңда күдікті анықталды.

"Күдікті – 42 жастағы ер адам. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды",  – делінген ведомствода.