СҚО газ компаниясы бағаның төмендеуіне байланысты сотқа жүгінді

19.09.2023, 15:22
574
СҚО газ компаниясы бағаның төмендеуіне байланысты сотқа жүгінді canva.com

«Горгаз-сервис» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің шешімімен келіспей, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа арызданды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті «Горгаз-сервис» ЖШС-нің ұсынысын қараған. Компания алдағы уақытта топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын көтермек болған. Жоба бойынша 1 м3 үшін 677,27 теңге болуы тиіс еді, бұл бұрын қолданыста болған шекті бағадан 136,87 теңгеге немесе 25,33% жоғары.

Департамент ақпаратты қарап, «Горгаз-сервис» ЖШС-нің жобаланған бағасын шекті баға деңгейіне дейін төмендеткен. Солай, қосымша құн салығын есепке алмағанда бағаны 517,45 теңге/м3 мөлшерінде бекітті. Бұл бұрын қолданыста болған шекті бағамен салыстырғанда 22,95 теңгеге немесе 4,25% төмен. Жаңа тариф биыл 1 тамызда қолданысқа енгізілді.

«Горгаз-сервис» ЖШС шекті бағасын қарай келе, мамандар 91 млн астам теңге амортизациялық аударымдар қаражатының мақсатсыз пайдаланғанын ескерген. Бұл нәтижесінде бұрынғы қолданыстағы бағаның төмендеуіне әкелді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің шешімімен келіспей, оны заңсыз деп тану үшін «Горгаз-сервис» ЖШС СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап-арыз берді. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды