АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

19.09.2023, 16:51
626
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті canva.com

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы тарихи рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы smartnews.kz сайты Forbes.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ қазынашылық деректер базасында 18 қыркүйектегі жағдай бойынша "жалпы мемлекеттік қарыз" бағанында сома $33, 04 триллионды құрады.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы – федералды үкіметтің кредиторларға: жеке тұлғаларға, соның ішінде шетелдік инвесторларға, штаттарға немесе ірі қорларға жалпы қарызы.

АҚШ-та бюджет тапшылығы 20 жылдан астам уақыт бойы байқалып келеді.

Осы жылдың басында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы белгіленген шектен асып, 31,4 триллион долларды құрады. Маусым айының басында АҚШ қазынашылығының дефолт қаупі туралы ескертулерінен кейін билік үкімет шығыстарын қысқарту орнына 2025 жылдың басына дейін мемлекеттік қарыз лимитін тоқтатуға келісті. Екі аптадан кейін, 16 маусымда мемлекеттік қарыз 32 триллион доллардан асты. 

New York Times басылымы бюджет шығыстарын қысқарту шараларына қарамастан, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2030 жылға қарай 50 триллион долларға жетуі мүмкін екенін жазды.

Конгресс қазір федералды үкімет шығындарын қаржыландыруды талқылап жатыр. Бюджеттік қаржыландыру туралы заңдар пакетін қабылдаудың соңғы мерзімі 30 қыркүйек күніне белгіленді. Оған дейін Конгресс заң жобаларын қабылдауы немесе федералды қаржыландыруды қолданыстағы деңгейлерде қысқа мерзімді ұзартуға келісуі керек. 

«Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті