«Алланың миссиясы аяқталды»: журналист Жанат Бақытқа сот үкім шығарды

19.09.2023, 20:14
1447
«Алланың миссиясы аяқталды»: журналист Жанат Бақытқа сот үкім шығарды stan.kz

Белгілі журналист Жанат Бақыт діни жазбалары үшін жазаланды, деп хабарлайды Massaget.kz Атырау облысы  Дін істері басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Дін істері басқармасына қала тұрғынынан арыз келіп түскен.

«Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парақшалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартыстарға себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазір  Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып, айыппұл салынғанын хабарлаймыз», –  дейді Атырау облыстық  Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Осылайша, журналиске 50 АЕК – 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. 

«Алдағы уақытта бұл парақшаларды бұғаттау үшін ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереміз», – дейді Ерлан Ерғалиев. 

Атырау облысы Дін істері басқармасы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3-бабы 5-тармағына сәйкес,  жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті.

Еске салайық, биыл наурыз айында журналист Жанат Бақыт әлеуметтік желідегі парақшасында «жаңа дәуір басталды, Алланың миссиясы аяқталды» деген болатын.  Журналистің бұл сөзі халық арасында түсінбеушілік тудырды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады