"Дәрігерді сабап, мәйітті ұрлаған": Талғар аудандық ауруханасында жанжал шықты

20.09.2023, 09:15
1094
"Дәрігерді сабап, мәйітті ұрлаған": Талғар аудандық ауруханасында жанжал шықты Видеодан алынған кадр

Талғардағы ауруханада көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлерді соққыға жықты.

Талғар аудандық орталық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, әкесінің қайтыс болғанын білген ұлдары дәрігерлерді аяусыз ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап күшпен алып кеткен.

"Қайтыс болған адамның ұлдары кісі өлімі туралы дәрігер анықтамасының ресми рәсімін күтпестен жан сақтау бөліміне баса көктеп кіріп, ондағы дәрігер мен мейіргерге қарсы күш қолданып, марқұмның денесін ұрлап оны медициналық төсек арбамен бірге алып кетті", – делінген Талғар аудандық орталық ауруханананың хабарламасында.

Жасалған шабуыл салдарынан анестезиолог-реаниматолог дәрігерге бас миының жарақаты, ми жарақаты, көптеген гематома мен сырылулар, сондай-ақ кеңсіріктің жабық сынығы диагнозы қойылды.

"Шақырту бойынша оқиға орнына жеткен Талғар қалалық полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның денесін қайтару және дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін кінәлілерді ұстау бойынша қажетті шаралар қабылдады", – деді Талғар аудандық орталық ауруханасының басшысы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды