518

Кәсіпкерлерді бопсалаған: Маңғыстау облысында қылмыстық топтың басшысы мен мүшелері ұсталды

Маңғыстау облысында 18 қыркүйек күні қылмыстық топтың жетекшісі мен үш қатысушысы ұсталды.

Кәсіпкерлерді бопсалаған: Маңғыстау облысында қылмыстық топтың басшысы мен мүшелері ұсталды
stan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

"Олар облыстық және халықаралық трассаларда зат тасымалдайтын кәсіпкерлерден ақша бопсалап, қорқытқан", – деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Жәбірленушілер анықталды, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқарып жүрген шекара қызметінің әскери қызметшісі болған.

"Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда", – деді комитет.