Егер бала қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінген ақша қайда кетеді

20.09.2023, 17:47
638
Егер бала қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінген ақша қайда кетеді canva.com

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бейсенғалиев бала қайтыс болған жағдайда оның Ұлттық қордан төленетін төлемдері не болатынын түсіндірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Депутаттың айтуынша, кәмелетке толмаған баласы қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордан ақшаны ресми мұрагер алады. Бала жетімдер үйінде өссе де.

Қандай жағдайда да мұрагер бола алатын жақын туыстарын іздейді. Егер туыс, жақын адамы болса, сол мұрагер болады. Егер мүлдем болмаса, онда, меніңше, біркелкі жалпы пул (бөлінеді – Ред."). Мұрагер ресми түрде анықталады. Әдетте отбасы, әке, шеше жиналып, шешеді. Егер екеуі болса, онда ол тең бөлінеді. Олар ресми шешімді қалай қабылдаса, соған сай адам мұрагер болады, - дейді Берік Бейсенғалиев.

Ата-ана жиналған ақшаны басқа балаға жұмсай алады. Егер баласы болмаса, онда басқа қажетіне.

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрмыс жағдайын жақсартады немесе білім алады. Сонымен қатар тұрғын үй жағдайын сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге де рұқсат етіледі.

20 қыркүйекте өткен жалпы отырыста мәжілісмендер Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды