584

Павлодарда әйелді жейдесінің жеңімен тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Павлодарда әйелді жейдесінің жеңімен тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды. Ол әйелмен бір ай бұрын танысқан.

Павлодарда әйелді жейдесінің жеңімен тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды
canva.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  күдіктіге байланысты үкім шыққанын мәлімдеді. 

"М.-ға қатысты адам өлтіру және ұрлық (ҚК 99-бабының 1-бөлігі және 188-бабының 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот қылмыстардың жиынтығын негізге ала отырып, М.-ны 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтеуге үкім шығарды", - делінген хабарламада.

2023 жылдың маусым айында Павлодар қаласындағы "Строитель" бағбандық бақшасында ер адам азамат Ш-ны жейдесінің жеңімен тұншықтырып өлтірген. Ер адам ол әйелмен қылмыстан бір ай бұрын танысқан.

Айыпталушы кісі өлтіріп, оның 74,5 мың теңге көлеміндегі мүлкін ұрлаған.

Сот жәбірленуші Р.-ның пайдасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.