Қазақстандықтар енді облыс әкімдері мен министрлерді петиция арқылы қызметінен кетіре алмайды

21.09.2023, 12:55
900
Қазақстандықтар енді облыс әкімдері мен министрлерді петиция арқылы қызметінен кетіре алмайды ашық дереккөзден

Қазақстанда тұрғындар облыс әкімдері мен министрлердің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды, деп айтты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.

Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары мақұлданды.

Бұл құжаттарда петиция институтын регламенттеу жөніндегі түзетулер қамтылған. Уәкілетті орган петиция жария болғанша оның заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін анықтайды.

Бұл ретте басқару нысанын, республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы мен шекараларын, сот төрелігін, рақымшылықты, ұлттық қауіпсіздікті және т.б. өзгерту сияқты мәселелер бойынша петиция берілмейді.

«Тыйым салынған» тақырыптардың тізбесі конституциялық және қылмыстық құқық, референдум туралы заң негізінде қалыптастырылған.

«Әкімшілік-аумақтық құрылым, шекара, тіл мәселесі, конституциялық заңдар, арнайы қызметтердің жұмысы қарастырылмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік құпия санатындағы мәселелер петицияда қаралмайды. Мұнымен қоса, Президент, Парламенттің қос палатасы және Үкіметтің құзыретіне кіретін лауазымдарды тағайындау мен босату мәселелері қаралмайды. Өйткені бұл тақырып тиісті заңнама аясында іске асады. Атап айтқанда, адамның құқығы мен бостандығына нұқсан кетіретін тақырыптар петицияда қаралмайды», - деді Данияр Қадыров 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады