Еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтинг нәтижелері белгілі болды

21.09.2023, 13:56
840
Еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтинг нәтижелері белгілі болды

Екінші жыл қатарынан Академиялық Адалдық Лигасы білім беру бағдарламаларының тиімділік көрсеткіштеріне негізделген қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингін жасауда.

Рейтинг әдістемесі түлектердің орташа жалақысы, жұмысқа орналасу деңгейі және жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ түлектердің сараптамалық бағасы мен мансаптық перспективалары сияқты бірқатар объективті көрсеткіштерді қамтиды. Рейтингті анықтау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын университет оқу бағдарламаларының сапасы туралы ресми ақпарат пайдаланылады. Ақпаратты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жинап, өңдейді.
 
ЖОО рейтингтерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Университет позицияларын есептеудің бұл тәсілі - рейтингтік бағалауды қалыпқа келтіріп, оны білім беру бағдарламаларының санына қарамастан барлық ЖОО-на қолдануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, тіпті бірнеше бағдарламалары бар университеттерді де әділ салыстыруға болады.
 
Рейтингтегі көшбасшылар – білім беру бағдарламаларының орташа тиімділігі басқа оқу орындарымен салыстырғанда жоғары университеттер. Бұл университеттерді өз бағдарламаларын жетілдіруге ынталандырып, түлектерінің еңбек нарығындағы табасты болашағына қызығушылықтарын арттырады.
 
Академиялық адалдық лигасының рейтинг нәтижесіне негізделе жасалған қазақстандық топ-10 университет:
 
1. Қазақстан-Британ техникалық университеті (Орташа баға 91,59%)
2. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті (Орташа баға 91,04%)
3. Қазақстан-Неміс университеті (Орташа баға 84,45%)
4. КИМЭП университеті (Орташа баға 84,34%)
5. Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Орташа баға 78,20%)
6. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Орташа баға 76,61%)
7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Орташа баға 72,75%)
8. Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (Орташа баға 70,57%)
9. Нархоз университеті (Орташа баға 69,73%)
10. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Орташа баға 67,75%)
 
Рейтинг нәтижелері ақпараттық-талдамалық дашборд форматында ұсынылған. Оның көмегімен талапкер рейтингтегі жоғары оқу орындарының позицияларымен ғана танысып қоймай, сонымен қатар орташа жалақы, жұмысқа орналасудың орташа деңгейі және түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша жоғары оқу орындарының нақты білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Бұл университет пен мамандықты таңдау кезінде дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі.
 
Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)