Жамбылда кәсіпкерлер таңқурай сорттарына 900 млн теңге “жалған” субсидия алған

22.09.2023, 09:58
900
Жамбылда кәсіпкерлер таңқурай сорттарына 900 млн теңге “жалған” субсидия алған ашық дереккөзден

Жалған субсидия алмақ болғандар анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады.

Нәтижесінде шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбаған.

Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ, 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген.

07.04.2023 жылы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды.

12.09.2023 жылы қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды