"Кісі қолынан қаза тапты": Марқұм Арман Қайназаровтың соңғы әні желіде тарады

22.09.2023, 14:11
2913
"Кісі қолынан қаза тапты": Марқұм Арман Қайназаровтың соңғы әні желіде тарады orda.kz

Танымал әншілердің әнін жазған композитор Арман Қайназаровтың соңғы әні желіде жария болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Марқұм композитордың соңғы туындысын әнші Бағлан Әбдірайым өзінің жеке Instagram парақшасында жариялады. Әнші парақшасындағы жазбада "Алладан мейірім тілеп, дұға жасап қойыңыздаршы. Кісі қолынан қаза тапты" деген сипаттама қалдырған.

Жұрттың жүрегін елжіреткен әннің сөздерін желі қолданушылары жоғары бағалады. Бірі "Сөздеріне саралап қарасаңыз ішкі әлемі бөлек өнер иесі екені анық" десе, бірі "Өте өкінішті" деген пікір қалдырған.

Марқұмның соңғы әнінің сөздерін әнші Бағлан Әбдірайым жазып қалдырды:

Жаман ойлар мазалайды жанымды.
Жаным талай ойға еріп жаңылды.
Арылмаған азаптың дәмін таттым ұзақ тым.
Қайғысына көндім бір сәт тозақтың.
Жаман сезім жаулағандай бойымды.
Жүрегімді жаралады ой мұңды.
Бәрі болды өзімнен, алыс кетіп жүзіңнен.
Бұл өмірге алаңдаған көзіңнен,
Қиналғанда тек өзіңді іздедім, неге?
Айтшы маған, Тәңірім.
Қандай менің өмірім?
Сенсіз өткен мағынасыз әр күнім,
Арам ойдан арылдым ба, білмедім. 
Бар білерім, әке сөзін сермедім.
Шектім соның зардабын, жоғалғандай арманым.
Білмегендей бұл өмірдің жалғанын,
Жан-дүнием сөздеріңе шөлдеген. 
Рухым бірақ тірі, әлі өлмеген.
"Әке" дейді дауыстап, алақаныңнан ұстап,
Өлі сезім, мәнсіз ойларды тастап 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды