981

Қазақстанда 2037 жылдан бастап оқуға түсу үшін грант бөлінбеуі мүмкін

Еліміздегі ЖОО-на түсу үшін грант бөлінбеуі мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты Қазақстан арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2037 жылдан бастап оқуға түсу үшін грант бөлінбеуі мүмкін
ашық дереккөзден

Жоғары білім министрлігі арнайы жоба әзірледі. Барлық ата-ана келешек жүйесі арқылы әр балаға ақша жинайды. Алғашқы төлем бала 5 жасқа толғанда жасалады.

Мектеп бітіргенше ай сайын 1-3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша салып тұру керек. Ал мемлекет тарапынан ол 200 мың теңгелік бастапқы жарнамен мемлекеттік сыйақы және ұлттық қор есебінен толықтырылып отырады.

Бала кәмелет жасына толғанда шамамен 6 млн 800 мың теңгеге дейін ақша жинақталады. Гранттар кей жағдайда ҰБТ нәтижесіне қарай берілуі де мүмкін