Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 469,7 миллион долларға жеткен

23.09.2023, 13:12
1006
Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 469,7 миллион долларға жеткен gov.kz

Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумының алаңында 65 млн доллардың келісімдеріне қол қойды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жамбыл облысында өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстанның Өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақ-Қырғыз іскерлік диалогынан басталды. ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзінде Қазақстан мен Қырғызстан – жақын бауырлас елдер, Орталық Азия өңірінің дамуына әсері зор сауда-экономикалық бағытындағы негізігі әріптестер екендігін атап өтті.

- Бүгінде екіжақты сауданың дамуындағы серпінді динамика байқалады. Ағымдағы жылдың жеті айында екі ел арасындағы сауда 12,7 пайызға өсіп, 755,4 миллион долларды құрады. Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 17,5 пайызға өсіп, 469,7 миллион долларға жетті. Импорт өз кезегінде 5,6 пайызға артып, 285,6 миллион долларды құрады. Қазір екі елдің алдында өзара сауда деңгейін 2 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр,-деді вице-министр.

Ол көрсеткішке қол жеткізу үшін екі елдің үкіметтері бизнес өкілдерімен тығыз ынтымақтастық орнатуға, қажетті қолдауларды көрсетуге, келіссөздер жүргізуге дайын.

Өзара іскерлік диалогтар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының кәсіпорындары арасында 65 миллион АҚШ доллары көлеміндегі 10 келісімшартқа қол қойылды.

Бұл күні Тараз қаласындағы Достық үйінде екі елдің іскер топ өкілдері B2B форматында келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ, қонақтар қолөнершілер мен жергілікті тауар өндірушілердің көрмелерін тамашалады.

Айта кетейік, форум аясындағы шаралар екі күнге жоспарланған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды