Малшылар енді малын смартфондағы TortTulik қосымшасы арқылы түгендей алады

Қолданба смартфон арқылы жұмыс істейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Малшылар енді малын смартфондағы TortTulik қосымшасы арқылы түгендей алады
agro.kg

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, Қазақстанда ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірлеген.

Қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малына түгендеу жүргізе алады. Нәтижесінде ветеринарлар ветеринарлық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.

 – Бағдарлама арқылы ветеринарлық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалған кезде тегті ауыстыру, сондай-ақ сойғаннан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады. «TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын жіберу мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар және тағы басқалары бар,  – деді басқармада.

Қосымша жаңартылғаннан кейін ет сатып алушыларға арналған бөлім енгізіледі. Сонымен қатар қазақстандықтар «sogym.kz» бөлімінде тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жануардың ветеринарлық бақылауынан өткен ұшасына тапсырыс бере алады.