Ғани Бейсембаев жыныстық сауаттылық пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге қатысты пікір білдірді

24.09.2023, 09:50
608
Ғани Бейсембаев жыныстық сауаттылық пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге қатысты пікір білдірді halyq uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Обожаю YouTube-арнасына берген сұхбатында жыныстық сауаттылық туралы пәнді мектеп бағдарламасына енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Министрдің айтуынша, балаға тәрбие беру ісіне ата-аналар да араласуы керек.

«Қазақи дәстүрдегі ерекшеліктерді ескерсек, балаларға алдымен білім мен тәрбие беру керек. Биыл мектепке арналған біртұтас тәрбие беру бағдарламасында түрлі мәселелерді қарастырдық. Бірақ, меніңше тәрбие дұрыс болуы үшін бұған ата-аналар да араласу керек. Бұған дейін де ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығы ашылатынын айтқан едім. Осы ретте біздің педагогтар ата-аналарға көмек көрсетуге әзір. Сол кезде тәрбиеге байланысты көп мәселелер шешілуі мүмкін», – деді ол.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мектепте жыныстық сауат туралы жеке пән енгізілмейді.

«Ерте жүктілік мәселесін шешуде сіз айтқан шаралар көмектеспеуі мүмкін. Тағы да қайталап айтайын, діліміздің, дәстүріміздің ерекшеліктерін ескеру керек. Сондықтан, бұл мәселені партада отырып емес, ата-аналармен бірге отырып шешу керек», – деді министр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды