Еңбек министрлігі жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

24.09.2023, 15:08
583
Еңбек министрлігі жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады gov.kz

55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдерге қатысты тараған ақпарат жалған боп шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл өтілі болу керек деген ақпарат жалған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 22 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан 55 жастап бастап зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша сауалына берген жауабы журналистердің салғырттығынан бұқаралық ақпарат құралдарда және әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат ретінде тарап жатыр.

БАҚ-та тараған ақпарат бойынша «Зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін өтілі 7 жылдан кем болмау керек» деп көрсетілген. Бұл туралы жазған журналистердің ақпараты мәселенің толыққанды білмеуінің салдары екенін жеткізді ведомство.

— Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлаймыз. Әзірленген тәсілдер бойынша ақпарат БАҚ-қа және қоғамда қосымша хабарланатын болады, - делінген министрлік хабарламасында.

Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды