792

Түркістандық батыр ана 11-ші перзентін дүниеге әкелді

20 қыркүйек күні №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы келіншек 11-ші баласын босанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркістандық батыр ана 11-ші перзентін дүниеге әкелді
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Медицина мамандарының сөзіне сүйенсек, сарыағаштық Айнагүл бұл жолы да отасыз, табиғи жолмен босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін Айнагүлдің отбасында 5 ұл, 5 қыз болды. Енді олардың қатарына Мұстафа есімді ұл қосылды. Балалардың үлкені – 21 жаста.

Жаняұның отағасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам қызметін атқарады. Ал өзі үйде бала күтімімен отыр.