Шымкентте тұрғындарды қажылыққа апарамыз деп алдаған туристік фирманың директоры сотталды

26.09.2023, 14:55
907
Шымкентте тұрғындарды қажылыққа апарамыз деп алдаған туристік фирманың директоры сотталды Оtyrar.kz

Шымкентте тұрғындарды Мекке мен Мединаға қажылыққа апарамыз деп алдап, ақшаларын жымқырған Kausar Trevel туристік фирмасының директоры сотталды. Бұл туралы Оtyrar.kz порталы хабарлайды.

Kausar Trevel туристік фирманың директорына жүздеген қазақстандықты алдағаны үшін айып тағылып отыр. Қажылардың әрқайсысы қасиетті жерлерге бару үшін кем дегенде мың доллардан төлеген. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаса, басқалары жат мемлекетте баспанасыз, ақшасыз, тамақсыз қалған.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Шымкент қалалық ІІБ-не, құзырлы органдарға арыз жаздым. Бұл іске Бекболат Тілеухановты да қосу керек. Алданған адамдардың ақшасын түгел алып кеткен сол. Бірақ қандай да бір себептермен бұл іс бойынша айыпталмай отыр", - деді сотталушы сот басталар алдында.

Сотта 300-ге жуық куәгер болды. Зардап шеккендер тағы да болуы мүмкін. Прокурор айыпталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді", - деді судья Айнель Орақбаева.

Туристік агенттік директоры өз кінәсін мойындамады.

Еске салсақ, жүздеген адамды қажылыққа апарамын деп далаға тастап кеткен шымкенттік кәсіпкер ұсталған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)