Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды

26.09.2023, 16:31
989
Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды canva.com

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды. Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі. Бұл туралы smartnews.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналар үшін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.

Депутат Қылмыстық және отбасылық кодекстерге және "Мемлекеттік қызмет және муниципалдық қызмет туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

"Әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны артып келеді. Олар әртүрлі себептермен сонда қалады. Бірақ көбінесе оларды бұл жерге балалары әкеледі. Ата-анасын тастап кеткен азаматтарды жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет. Бірақ іс жүзінде бірде-бір ата-ана баласына өтініш жазбайды. Бұл заң жобасы қабылданғанда азаматтар қарттар үйіне келген кезде мекеме басшылығы автоматты түрде құқық қорғау органдарына арыз жіберіп, іс сотта қаралатын болады", - деді ол.

Депутат ата-анасын қарттар үйіне қалдырған азамат жауапқа тартылса, айыппұлды 50-ден 100 мың сомға дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл норма Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабында "Балалардың ата-анасын асыраудан жалтаруы" деп көрсетілген.

Комитет мүшелері заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады