"Бекболат Тілеуханов ақшаны алып кетті": Kausar Travel директоры күтпеген мәлімдеме жасады

26.09.2023, 20:34
484
"Бекболат Тілеуханов ақшаны алып кетті": Kausar Travel директоры күтпеген мәлімдеме жасады Sputnik

Меккеге барғысы келгендерді сергелдеңге салған Kausar Trevel турфирмасының директорына сот үкім шығарды, деп хабарлады "ОTYRAR" порталы.

Kausar Treve турфирмасының директорына жүздеген қазақстандықты алдады деген айып тағылды.

Мекке мен Мединаға барғысы келген қажылардың әрқайсысы кем дегенде мың доллардан төлеген. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмады, ал кейбірі шет елге барып алып, баспанасыз, ақшасыз және аш қалған. Сот процесі басталмай тұрып, күдіктілер журналистерге сұхбат беріп, мәселені түсіндірмек болған.

"Мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Шымкент полиция департаментіне және инстанцияға арыз жаздым. Іс бойынша Бекболат Тілеуханов та өтуге тиіс болған. Ол алданған адамдардың барлық ақшасын алып кетті, бірақ қандай да бір себептермен ол іс бойынша одан жауап алынбады", - деді сотталушы сот процесі басталғанға дейін.

Сотта 300-ге жуық қажы куә ретінде тартылды. Зардап шеккендер алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін айтты. Сот жарыссөзінде прокурор айыпталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - деді судья Айнель Орақбаева.

Турфирма директоры өз кінәсін мойындамады және өкінбеді.

Естеріңізге сала кетейік, жанжал осы жылдың қаңтарында болған. Ал сот процесі шілде айында басталды. Шамамен екі ай бойы судья осы іс бойынша зардап шеккендер мен куәгерлерден жауап алды.

Ресей мен Иранның әрекеті сабақ болды: Ұлыбритания соғысқа жаппай дайындықты бастады Қазақстанның 12 өңірінде шілдеде құрғақшылық күтіліп отыр Путин «иноагенттерді» шетелде жүргенде де жазалайтын заңға қол қойды Әскерге сау кетіп, мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар аяққа тұра бастады (ВИДЕО) Ашулы Трамп Израиль мен Иранды боқтап жіберді Сағындырған LRT… Астаналық бұзақылар LRT вагондарына сурет салып кеткен Шерзаттың өліміне кінәлі сотталушылар апелляциялық шағым түсірді «Тарихи жеңіс емес»: АҚШ атқылаған Иранның ядролық базалары аса қатты зақымдалмаған боп шықты Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады