Ұстаздар күніне орай сыйлық алған мұғалімдер жазаланады

28.09.2023, 10:43
1171
Ұстаздар күніне орай сыйлық алған мұғалімдер жазаланады Halyq Uni

Биыл Қазақстанда алғаш рет мұғалімдер күні мерекесі нақты 5 қазанға бекітілді. Оқушылар мұғалімдер күніне орай ұстаздарына сыйлық жасай ала ма? Сыйлықтың АЕК көлемі қанша болуы керек? Заңды бұзғандарға қандай жаза қолданылады? Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді.

2020 жылы қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық берушінің пайдасы үшін сыйлық, материалдық сыйақы және қызмет көрсетуге толық тыйым салынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12 бабы және «Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50 бабына сүйенсек, беру себебіне (мереке күндері, туған күн), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан (мысалы, тәтті, кәдесыйлар) кез келген сыйлықты беруге тыйым салынды. 

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұрынғы вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингі кезінде тілшінің сұрағына жауап беріп, сыйлықтарға ресми түрде тыйым салынғанын еске салған еді.

«Біз білім беру ұйымдарына мектеп пен мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынғанын ресми түрде айтып, хабардар еттік. Кез келген сыйлыққа тыйым салынады», - деді Шолпан Каринова.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып, ұстаздар қауымы сыйлықты алған жағдайда жазаның қалай болатынын айтты.

«Мектеп директоры үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - делінген хабарламада.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 677-бабына сәйкес Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы — 600 АЕК айыппұл, қылмыстық үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы - параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленеді және 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ, ҚР азаматтық кодексіне сәйкес мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынған. Заңбұзушылық тіркелген жағдайда, ҚР Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды