Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябақта жүрген қыздарды тонаған

28.09.2023, 14:39
729
Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябақта жүрген қыздарды тонаған polisia.kz

Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябаққа келушіні тонап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұран АПБ-ның “102” арнасына түнгі уақытта телефон ұрлығы туралы арыз түсті. Құрбысымен саябаққа серуендеуге барған азаматша құны 150 мың теңге тұратын смартфонынан айырылып қалғанын жеткізді. Бейтаныс жігіт алдымен жәбірленушінің құрбысынан сөйлесіп алу үшін гаджетін уақытша сұрап, іздеген адамымен байланыса алмаған соң кері қайтарып берген.

Кейін интернет арқылы хабарласып көру үшін, екінші бойжеткеннің телефонын алып, бірден қаша жөнелген. Оқиға орнына дереу учаскелік полиция қызметкерлері барды.

Олар жергілікті тұрғынның сипаттамасы бойынша ер адамның қашқан бағытын анықтап, жедел іздестіру шараларын жүргізді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдікті 3 сағаттан соң қала көшелерінің бірінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, студент анасына беруге келіскен шәкіртақысын ойынға тігіп ұтылып қалғаны, кейін сол ақшаны орнына қою үшін амалсыз осындай қадамға барғаны анықталды. Ол ұрланған мүлікті ломбардқа өткізуді жоспарлаған. Қазіргі таңда смартфон заңды иесіне қайтарылды.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады