Астанада дәрігерлер жүкті әйелдің басына ота жасап, босандырып алды

28.09.2023, 16:35
1246
Астанада дәрігерлер жүкті әйелдің басына ота жасап, босандырып алды Ұлттық нейрохирургия орталығы

Ұлттық нейрохирургия орталығында нейрохирургтар мен акушер-гинекологтар бірлесіп, жүкті әйелге бір сәтте екі операция жасады.

Алдымен дәрігерлер науқастың миындағы ісікті алды. Содан кейін жүктіліктің 34 аптасында болған әйелді кесарь тілігі арқылы босандырды. 2 операция бір сәтте жасалды.

Биыл шілдеде жас әйелдің басынан үлкен ісік анықталды. Жүктіліктің 29-аптасында науқас Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызылды. Нейрохирургтар әйелдің сол жақ маңдай бөлігіндегі ісікті алып тастау үшін операция жасады. Осыдан кейін болашақ ананың жағдайы жақсарып, ол үйіне жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

Алайда әйелдің денсаулығы нашарлай бастаған.

Науқастың миына МРТ жасалды. Нәтижесінде ісіктің ұлғайғаны анықталды. Салдарынан пациенттің қозғалып, сөйлеуі қиындады. Дәрігерлер мидың сол жағындағы ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау үшін екінші рет ота жасады. Осылайша, үлкен ісік сәтті алынды. Осы сәтте нейрохирургтармен бір мезгілде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушер-гинекологтары жұмыс істеп жатты. Олар кесарь тілігі арқылы әйелді босандырды, - деп жазылған хабарламада.

Салмағы – 1 350 грамм, бойы 48 см болатын сәби дүиеге келді. Ол Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы неонатология бөлімшесіне ауыстырылды.

Екі операция да сәтті өтті. Бүгінде баланың жағдайы жақсы. Науқас та өзін жақсы сезінеді. Оның жағдайы одан әрі жақсарған соң үйіне жіберіледі, - деп жазылған хабарламада.

Оталарды Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының үздік дәрігерлері жасады: ми патологиясы нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Нұржан Рыскелдиев, нейрохирург Мұратбек Тілеубергенов, анестезиолог Оразғали Құрбанбаев, анестезистер Роза Жақсымбекова, Гаури Бапаева, Қарлығаш Тоғызбаева, балалар анестезиологы Талғат Ибраев және неонатолог Құралай Сәулетбек.

Айта кетейік, нейрохирургия орталығының дәрігерлері мұндай операцияны осымен үшінші рет жасап отыр.

«Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады